27.09.2024, 08:16
Қоғам
Ақтөбеде мектеп мұғалімі оқушымен интимдік қарым-қатынаста болды деген күдікке ілінді
Полиция аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Фото: depositphotos.com
Мұғалім мен жоғары сынып оқушысы арасындағы жыныстық қатынас туралы хабарлама әлеуметтік желілерде таралды. Мұғалімнің кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынасы туралы оның бұрынғы күйеуі тиісті органдарға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrau Online телеграм каналына сілтеме жасап.
Полиция «он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр. Екеуі де аталған фактіні мойындаған жоқ»,-деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, мектеп директоры әлеуметтік желіде ақпарат тараған бойда мұғалімді жұмыстан шығарған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды