$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2024, 23:33
Қоғам

«Анама көмектеспедің»: әйеліне қол көтерген қызылордалық қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Тараптар татуласқанын мәлімдеді

«Анама көмектеспедің»: әйеліне қол көтерген қызылордалық қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Фото: istockphoto.com

Шиелі аудандық сотында Д. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол өз әйеліне ауыр сөздер айтып, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, Д. жұбайы О.-ны ұйқыдан оятып, «Сен таңертең ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің» деген айыппен жанжал шығарып, оған қол көтерген.

Сот барысында Д. өз кінәсін толық мойындап, жұбайымен татуласқаны үшін қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Өз кезегінде жәбірленуші О. да ерімен татуласқанын айтып, қылмыстық істі тоқтатуды өтінді.

«Сотталушы Д.-ның әрекеті ҚК-нің 10-бабы 3-бөлігіне сай қылмыстық теріс қылыққа жатады. ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам,  егер  ол жәбірленушімен,  арыз  берушімен татуласса,   оның  ішінде  медиация  тәртібімен  татуласса  және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Шиелі аудандық сотының қаулысымен, Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Осылайша, қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары