Ақтөбе облысында 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды
Бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды
Ақтөбе облысында ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«9 мамырдан бастап баланың дене температурасы 38 градусты көрсетіп, іші өткен. 10 мамырда баладан жедел жәрдем ауруханасының стационарына барғаннан кейін сынама алынды. ПТР зертханалық зерттеу нәтижесі COVID-19 диагнозын анықтады. Қазір бала облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдік шаралар жасалып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кету керек, 11 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 175 адам тіркелген.