$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2020, 13:04
Қоғам

Нұр-Сұлтанға кіру шектелген, блок-бекеттер алынған жоқ – Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды

Нұр-Сұлтанға кіру шектелген, блок-бекеттер алынған жоқ – Елорда әкімдігі
фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарлауынша, төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантиндік шектеулер сақталады.

«Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде», - делінген хабарламада.

Елорда аумағындағы блок-бекеттер бұрынғыдай жұмыс істей береді.  

«11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады», - делінген.

Серіктес жаңалықтары