Қызылорда облысында ірі көлемде заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Ұсталған азаматтан 254 келіден астам балық тәркіленген
1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Қызылорда облысы аумағында жүргізілген «Уылдырық» шарасы аясында арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды. Шара барысында 9 мамырда Арал АПбЖПҚБ-ның табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері Арал ауданы Қара терең ауылының тұрғыны «Ақлақ» су бөгетінде заңсыз балық аулап жүрген жерінен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ұсталған тұрғыннан резеңке қайық, ау және 254 келіден астам балық тәркіленген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.