$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған

Елімізде ішімдікті ең көп сатып алған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты

Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
Фото: Istockphoto

Қазақстандықтар ішімдік ішуден 180 елдің ішінде 100-орынға жайғасты. Ал Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынды алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Energyprom-ға сілтеме жасап.

ТМД елдері ішінде ішімдік ішуден Беларусь, Ресей, Украина Қазақстанның алдына шықса, Қырғызстан, Армения, Түркменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан жұрты Қазақстаннан кейінгі орынды алған.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, биылғы жылдың екінші тоқсанында еліміздегі әр отбасы алкогольді сусынға орта есеппен 5,5 мың теңге жұмсаған, бұл қаржы 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға артық.

Елімізде ішімдікті ең көп сатып алған – Шығыс Қазақстан тұрғындары болып шықты. Олар әр үш айда 9,5 мың теңгеге спиртті сусын сатып алған. Одан кейінгі қатарда Павлодар тұрғындары – 9,5 мың теңге және Алматы тұрғындары – 8,9 мың теңге шығындаған.

Алкогольді өнімді ең аз сатып алғандардың үштігінде тұрған:  Қызылорда облысының халқы - 1,2 мың теңге, Ақтөбе облысы – 1,4 мың теңге және Маңғыстау облысы – 1,5 мың теңге жұмсаған.

Айта кетейік, әлем елдерінің рейтингісінде ішімдік тұтынудан бірінші орынды Латвия алса, екінші және үшінші орындарды Молдова мен Германия бөлісті.

Серіктес жаңалықтары