16.09.2024, 13:58
Қоғам
Түлектер ғылым министрлігінің үстінен 22 арыз жазған - Саясат Нұрбек
Қазір бір ғана іс қаралып жатыр
Фото: Istockphoto
Биыл мектеп бітірген түлектер Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Бұл жөнінде Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», - деді ол.
Министрдің сөзінше, қазіргі таңда сотқа берген түлектердің бәрі грант иеленген.
Еске салсақ, биыл су басқан өңірлерге квота бөлінгендіктен ҰБТ-дан жоғары бал жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірген. Оның кейбірі Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген болатын.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды