$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2024, 16:37
Қоғам

Халықтық штаб бірқатар өңірде халықпен кездесу өткізді

Атырау, Ақмола, Қызылорда, Абай облыстарының тұрғындары сұрақтарына жауап алды

Халықтық штаб бірқатар өңірде халықпен кездесу өткізді
Фото: халықтық штаб

Халықтық штаб өкілдері Ақмола, Атырау, Қызылорда және Абай облыстарының тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясына қатысты тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Халықтық штабтардың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәселен, штаб мүшелері «Қазақстан темір жолы» АҚ Ақмола  облыстық филиалының Көкшетау станциясының жұмысшыларына Aтoм элeктp стaнциясына қатысты ақпарат берді. Жиынғa  AЭС сaлуды қoлдaу жөніндeгі Ақмола oблыстық Хaлықтық штaбының мүшелері Дастан Әкімов, Ақманат Әлімбетова  пен Мәриям Әбішева қатысып, AЭС құpылысының eл экoнoмикaсынa тигізeтін ықпaлы туpaлы, энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa жәнe экoлoгиялық тaзa энepгиямeн қaмтaмaсыз eтугe қaлaй әсep eтeтінінe кeңінeн тoқтaлды.

«Халық арасында атом электр станциясы құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлық орын алмай ма деген сұрақтар туындайды. Бұл өте үлкен жоба, ауқымды құрылыс болады. 8 мыңға жуық жұмысшы күші тартылады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ол жерде 2 мыңдай адам жұмыс істейді. Атом электр станциясы стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан оған Қазақстан ғана емес, Атом Энергиясы Жөніндегі Халықаралық Агенттік бақылайды. Құрылыс басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін үнемі қадағаланады.»,- деді штаб мүшесі Дастан Әкімов.

Жиналғандар талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Штаб өкілдері шешім қабылдау кезінде ашық диалог пен жұртшылықтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге жиналғандар сындарлы диалог және әрбір қатысушының жауапты азаматтық ұстанымы болуы керек деп тарқасты.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша АЭС қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері ұстаздармен, колледж оқытушыларымен, еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырып жатыр.  

Ал, Қызылордада «Жібек жолы» сауда үйінде азаматтармен кездескен Халықтық штабы өкілдері азаматтарға АЭС-ның маңыздылығын кеңінен түсіндіріп, сауалдарға жауап берді.

«Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе екені жасырын емес. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды. Сондықтан біздің елімізде де атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі бойынша ғалымдар көп жұмыс істеп жатыр. Елімізде атом саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында 15 мыңға жуық жұмысшы бар.  Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9000 адамды құрайды», – деді студенттерді әңгімеге тартқан штаб мүшесі Бейбіткүл Каримова.

Жастар да қалыс қалмады. Штба мүшелерінен энергия тарифі, шикізат мәселесі жөнінде сұрақтар қойды. АЭС құрылысын салу жөніндегі Атырау аймақтық Халықтық штаб өкілдері болса «Атырау-Жарық» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуді штаб мүшелері қызметкерлерді 6 қазан күні референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Бұл бағыттағы сауалдарға штаб мүшесі Гүлшат Мұсаева жауап берді.

«Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Қазақстан табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында. Барлық барланған әлемдік қорлардың 14%-ға жуығы Қазақстанның тереңдігінде шоғырланған, оның 70%-ы экологиялық таза әдіс жерасты сілтілеумен өндіруге жарамды. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік өндірістің 40%-ға жуығын өндіріп, уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр»,– деді Гүлшат Мұсаева.

Кездесу барысында штаб мүшелері Бекет Кенжеғұлов, Ақылбек Құлбарақов, Қаршыға Жауымбаев, Людмила Кубаентаева Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көміртегі бейтараптығына жету жолдары және АЭС құрылысының артықшылықтары туралы сөз қозғады.

Штаб мүшелері атом электр станциясының көміртегі шығарындыларын азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға қалай ықпал ететінін атап өтті.

«АЭС-тың пайдасы, біріншіден энергия тапшылығын жою, екіншіден Париж меморандумына сәйкес жасыл экономика, таза экология қағидасына Қазақстан елінің сәйкес келуі. Бұл жерде бір килограмм уранның шығаратын энергия қуаты 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайдың шығаратын энергия қуатымен тең екендігін және АЭС жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл қалдығының алдын алатындығын айта кеткен жөн. Үшіншіден, шикізат көзі болып отырған уранның Қазақстанда бір жылда өндірілетін көлемі 20 мың тонна. Әлемдегі уран өндірісі көлемінің 40%-ы және Қазақстан уран қоры мен өндіруден алғашқы орында. Ал, 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша бірінші орынға ие. АЭС-тың зияны туралы айтқанда, Чернобыль, Фукусима және т.б. жағдайлар халықтың есіне түседі. Әрине, бұл ащы да болса тарихи шындық. Ал, қазір жаңа технологияның өркендеу кезеңінде 3, 3+, 4-ші буынды реакторлар қауіпсіздік кепілі бола алады. Өрт, басқа да төтенше жағдай туралы жүйе белгі беретін болса, ондайда реакторлар өздігінен оқшауланып, «құлыпталады» екен», - деді техника ғылымдарының докторы, профессор Бекет Кенжеғұлов.

Аталмыш мекеме ұжымының қызметкерлері де тақырып аясында өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен жауабын алды.

Атап өту керек, еліміз АЭС салу арқылы басқа елдерге энергияға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік жасамақ.

Бұдан өзге Халықтық штаб мүшелері Абай облысы Силикат зауытының ұжымымен кездесті. Кездесудегі әңгіме энергетикалық тәуелсіздік, АЭС-тың жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және тағы да басқа факторлардың төңірегінде өрбіді.

Нысанды салу мен пайдаланудың бүкіл процесі барлық өркениетті әлемде қолданылатын халықаралық қоғамдастық әзірлеген ережелер мен нормаларға сәйкес өтеді. АЭС пайдаланудың радиациялық тәуекелдері халықтың денсаулығы мен экожүйеге қалай әсер етуі мүмкін және бұл қауіптерді азайту үшін қандай сақтық шаралары қарастырылған деген сауалға штаб мүшелері кеңінен жауап берді.

«Бір қызығы, қазір әлемде ядролық реакторлар 31 елде, соның ішінде АҚШ пен Францияда жұмыс істейді. Қазіргі таңда, бұл сала белсенді дамып келеді. Бүгінде Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде атом электр станциялары салынуда. Бұл атом электр станцияларының өзектілігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді» - деп жауап берді штаб мүшесі Әсемхан Досқожанов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС