$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2024, 13:25
Қоғам

Халықтық штаб мүшелері Теміртау тұрғындарымен кездесті

Қарағанды облысының мәслихат депутаттары мен қоғамдық пікір көшбасшылары Штаб жұмысына қосылды

Халықтық штаб мүшелері Теміртау тұрғындарымен кездесті
Фото: штабтың баспасөз қызметі

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штабтың баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында Халықтық штаб мүшелері, мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Таңсәуле Серіков және Бауржан Смағұлов Теміртау қаласының, Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл ретте, Қарағанды облысының мәслихат депутаттары мен қоғамдық пікір көшбасшылары Штаб жұмысына қосылды. Олар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алдағы референдумның мәні мен маңызын жеткізді.

Республикалық штабтың басты мақсаты – АЭС құрылысының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру, тұрғындар арасындағы үрей мен күмәнді сейілту. Бүгінде энергетикалық тәуелсіздік – еліміз үшін ең күрделі мәселелердің бірі.

Өз кезегінде, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев еліміздегі электр қуаты тапшылығы мәселесіне тоқталды.

«Осы күні мемлекетіміз электр қуаты тапшылығын сезініп, оны көршілес елдерден импорттауға мәжбүр болып отыр. Инвестициялық жобалар тоқтап тұр. Себебі жарияланған жобалар бойынша тапшылық көлемі 8ГВт құрайды. Яғни, бұл проблема ертерек шешілуі керек еді. Әлі де кеш емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешім», – деді ол.

Жұртшылықпен және кәсіпорын ұжымдарымен кездесу барысында АЭС құрылысының басты артықшылықтары мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, халықты толғандыратын АЭС-тің экологияға, денсаулыққа және басқа да аспектілерге әсері туралы барлық сұрақтарға жауап берілді.

Дайындаған: "Nur Media" ЖШС.

Тапсырыс беруші: Оспанов М.Ж.

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС