Атырауда орнатылғанына алты сағат қана болған арт-инсталляцияны балалар қиратып тастаған

Azattyq Rýhy

Ал оны жасауға сегіз ай уақыт кеткен

Атырауда орнатылғанына алты сағат қана болған арт-инсталляцияны балалар қиратып тастаған
Фото: Зульфия БАЙНЕКЕЕВА/azh.kz

Атырауда туған қалаға сүйіспеншілікті білдіретін инсталляция алты сағат қана тұрды. Түске қарай оны кішкентай вандалдар быт-шытын шығарды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Ақжайыққа сілтеме жасап.

Ал, «Каспийдормостострой» компаниясына тиесілі идеядан бастап, оны орнатуға дейін 8 ай уақыт кетті. КДМС өз бетінше дизайнер тауып, тұрғындарға тарту ету үшін туған қалаға сүйспеншілікті бейнелейтін арт-нысанды ойластыруды өтінген.

«Туған қалаға сүйіспеншілікті білдіретін инсталляциялар әлемде кең таралған және қала тұрғындары мен қонақтарының суретке түсетін танымал орнына айналған. Бұл туған жеріне деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін білдірудің тағы бір жолы.Біз жас суретші-сәулетшіге хабарласып, дизайнын бірлесіп әзірледік, оның жобасы бойынша тірек доғаларын дәнекерлеуге және топиарийге арналған табанына тапсырыс бердік, күйіп кетуден қорғайтын жоғары сапалы жасанды көгал таптық. Көп еңбекті қажет ететін жұмыс болғандықтан авторды асықтырмай, шыдамдылықпен күттік. Ақырында, инсталляцияны орнатып, құмыраларды тірі гүлдермен безендірдік. Бұл сұлулық түске дейін тұрды. Келесі күні біз жебені алып тастап, автор жаңа жабынды қаптады. Бір күннен кейін жаңартылған жебенің өзін тамырымен суырып алыпты. ...Қаламыз үшін ұят, ол Алматы, Астана немесе Шымкент секілді әдемі көрінуге лайық емес пе?, - дейді «КДМС» ЖШС директоры Леонид Задерный.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.