12.09.2024, 23:21
Қоғам
Ақтөбеде Telegram арқылы вейп сатумен айналысқан жергілікті тұрғын анықталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Фото: Ақтөбе облыстық ПД
Ақтөбеде полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ер адам өзінің сауда қызметін Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырған.
«Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі», - делінген хабарламада.
Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді