11.09.2024, 10:30
Қоғам
Қазақтар тоғызқұмалақты ғарышқа ұшырып, жерге қайта түсірді (ВИДЕО)
Бұл – ғарыш тарихындағы тұңғыш әрі жалғыз оқиға
видеодан скриншот
Қазақстанның тоғызқұмалақ федерациясының ақпаратына сүйенсек, тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшып, жерге қайта оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, тоғызқұмалақ – ғарышқа ұшқан жалғыз ойын түрі.
«Ғарыш компанияларының бірімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тоғызқұмалақ тақтасы алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшты. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына жетіп, қайтадан жерге түсті. Бұл тоғызқұмалаққа қызығып ойнайтындар үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышқа ұшқан жалғыз үстел ойыны. Ұзақтығы 28 мың метрден алыс жолды еңсерді», - деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
24.11.2026, 10:54
«Бұл – арзан»: қазақстандықтар интернеттің тарифі үшін айына орта есеппен 10 доллар төлейтіні белгілі болды
