Конституциялық Сот алқабилер туралы шарттың Ата Заңға сәйкестігін тексереді
Қазақстан азаматынан Конституциялық сотқа осындай өтініш түскен
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 645-бабының төртінші және алтыншы бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі нормаларға сай, алқа билерді сот жүргізіп отырған судья шеттетеді.
«Даулы нормаларға сәйкес, егер алқабилердiң қайсы бiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі болмаса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады», - деп хабарлады бүгін, 11 қыркүйек күні Конституциялық сот.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның сот тарихында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты ашық қаралып, оған алқабилер қатысқан еді.