«Патша да өлген, мен де өлем»: Мақпал Жүнісова әпкесіне ашулы видеосын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Халық әртісі бүгін таңертең желіге жүктеген видеоларын өшіріп тастаған еді

видеодан скриншот

Халық әртісі Мақпал Жүнісова таңертең әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Артынша өшіріп тастаған бейнежазбасында ол халықтың көбі оған «әнші емес, алқашсың» деп айтатынын тілге тиек еткен еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы, мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда санда санда бұзып қой» деген сияқты бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз «оңбаған, әнші емес алқашсың» дейсіздер. Мен қырылдап тұрсам ішіп алды дейсіздер, ауырып, дауысым бұзылып кетсе, тағы да ішіп алды дейсіздер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағым мен шайымды ішіп, үйімді жөндеп жүрген әйелмін. Әйел емес, қатынмын. Ал, түсініп алыңдар», -деген еді ол таңертең.

Ал, кешке әлеуметтік желісінде story видеолар жариялаған ол таңертеңгі әрекеті үшін туғандары одан сырт айналып жатқанын хабарлады.

«Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Әпкем хабарласып, мендей сіңілісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың, сендей сіңілім барынан жоғы артық» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар», - деді әнші.