Әнші емес, алқаш дейсіздер – Мақпал Жүнісова тағы бір шулы видео жариялады (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Алайда, халық әртісі желідегі видеоларын лезде өшірген 

Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасына видео жариялап, халықтың 10 пайызы өзін «әнші емес, алқаш» деп атайтынын айтатынына ренжіді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол анда-санда «өмір ережесін» бұзып тұрған да дұрыс дейді. 

«Жалпы мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда санда санда бұзып қой» деген сияқты бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз «оңбаған, әнші емес алқашсың» дейсіздер», - дейді әнші.

Ол ауырып тұрып видео жарияласа да «ішіп алған» деп кінә тағатындарға ренішін білдірді.   

«...Мен қырылдап тұрсам ішіп алды дейсіздер, ауырып, дауысым бұзылып кетсе, тағы да ішіп алды дейсіздер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағым мен шайымды ішіп, үйімді жөндеп жүрген әйелмін. Әйел емес, қатынмын. Ал, түсініп алыңдар», -дейді ол.

60 жастағы Қазақстанның Халық әртісі аздаған уақыттан кейін оқырмандардың өтінішіне байланысты видеосын өшіріп тастағанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.