Боксшы Қамшыбек Қонқабаев Бишімбаев отырған түрмеге не үшін барды

Azattyq Rýhy

Кәсіпқой боксшы сотталғандардың тәрбие жұмысына ақыл қосқан

Боксшы Қамшыбек Қонқабаев Бишімбаев отырған түрмеге не үшін барды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев Аршалы ауданындағы қатаң режимдегі колонияға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару комитетінің департаменті хабарлағандай, департамент кездесуді Аршалы ауданының прокуратурасымен бірге ұйымдастырған.

Қамшыбек Қонқабаев қылмыстық-атқару жүйесіндегі жағдайды жақсартуға бағытталған 2023-2025 жылдардың Жол картасы аясында сотталғандармен кездесіп, сөйлескен.

«Қателіктен сабақ алып, ертең бостандыққа еліміздің толыққанды азаматы ретінде шығуға тырысыңыздар. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар. Болашақтарыңыз өз қолдарыңызда», - деді өз сөзінде Қамшыбек Қонқабаев.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық некедегі әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаев осы Аршалы колониясында жазасын өтеп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.