Ол қырғыз спортшысын таза жеңді
Көшпенділер ойындарында Айжан Жылқыбаева қазақша күрестен қырғызстандық Луиза Асакееваны жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшылар 48 келі салмақта өнер көрсетті.
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақта күрескен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты.