09.09.2024, 10:12
Қоғам
Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов уәдесінде тұрып, қалыңдығын ұзатып алды (ВИДЕО)
Жас жұбайлардың тойы әлеуметтік желіге жүктелді
Фото: скриншот
Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан тарихи күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбанов сүйіктісі Аида Бауыржановаға үйленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нариман Құрбанов Парижден оралған соң үйленетінін айтып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған болатын. Аида Бауыржанова да спорттық гимнастикамен айналысады. Олар 2018 жылы жаттығу кезінде танысқан. Содан бері жұбын жазбай келеді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Нариман Құрбанов сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты. Оның медалі Қазақстан тарихында спорттық гимнастикада жеңіп алған алғашқы медаль болды.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды