Қазақстанда жаңадан ашылған су университетіне 129 талапкер грантқа түскен

Azattyq Rýhy

Былтыр институт кезінде бұл оқу орны 67 баланы қабылдаған

Қазақстанда жаңадан ашылған су университетіне 129 талапкер грантқа түскен
Фото: istockphoto.com

Биыл ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтына небары 67 бала грантқа түскен екен.

«Ұлттық университет «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» сияқты мамандықтарды үйретеді», - деп хабарлады министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың көктеміндегі алапат су тасқынынан кейін Қазақстан су шаруашылығын үйрететін ұлттық университет ашқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.