4830 науқас: Коронавирус жұқтырған тағы 40 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

8 мамыр 22:25-тегі эпидемиологиялық жағдай

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус жұқтырған тағы 40 жағдай тіркелді. Жамбыл облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 10, Батыс Қазақстан облысы - 1, Атырау облысы - 3, Алматы қаласы - 20, Алматы облысы - 1, Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Павлодар облысы - 2, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан бойынша барлығы - 4834. Нұр-Сұлтан қаласы – 962, Алматы қаласы – 1537, Шымкент қаласы – 226, Ақмола облысы – 106, Ақтөбе облысы – 172, Алматы облысы – 182, Атырау облысы – 272, Шығыс Қазақстан облысы – 43, Жамбыл облысы – 177, Батыс Қазақстан облысы – 218, Қарағанды облысы – 186, Қостанай облысы – 61, Қызылорда облысы – 226, Маңғыстау облысы – 109, Павлодар облысы – 154, Солтүстік Қазақстан облысы – 34, Түркістан облысы – 169», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирустан 1631 адам жазылып шықты. Індеттен 31 адам қайтыс болды.