04.09.2024, 17:56
Қоғам
Ақтөбедегі оқушының өлімі: Бас прокурор істі жеке бақылауына алды
Берік Асылов бұл туралы Х-те жазды
Фото: gov.kz
Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушылар арасында болған оқиғаны «тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты болды» деп атады. Ол бұл істің тергеу барысын жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, соның салдарынан жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген», - деп жазды Берік Асылов.
Еске салайық, Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, арты қайғылы жағдайға ұласты: төбелес салдарынан 9-сынып оқушысы қаза тапты.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды