Қазақстанда танымал әншінің әкесі депутаттық мандатынан айырылды
«Ақ жол» партиясының өкілі Асқар Садықов депутат мәртебесіне лайықсыз әрекет жасаған

Dequine лақап атымен танымал әнші Данеля Садықованың әкесі Асқар Садықов депутаттық мандатынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №1 қаулыcының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын», - делінген Қаулыда.
Оның себебін «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жазды.
«Бұл шешім А.Садықовтың депутат мәртебесіне жол берілмейтін әрекеттер жасауынан кейін қабылданды. Бұл фактіні партия органдары дербес анықтап, ҚДП пленумында қарады, ол А.Садықовты партиядан шығарды, бұл депутаттық мандаттан айыруға әкеп соқты», - деп жазды Перуашев.