Қыран Талапбек пен әйелі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке танысты (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Қазақстандағы ең танымал мобилографтың бірі шетелдік нарыққа шықты

Қыран Талапбек пен әйелі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке танысты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әзербайжандық миллиардер Эмин Агаларов мобилограф Қыран Талапбек пен оның жұбайы Гүлзада Тұрлашты Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевпен таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыран Талапбек біраз уақыт бұрын Эмин Агаларовтың жеке контенті үшін командасымен бірге жұмыс істеуге кірген еді. Енді олар Әзербайжан президентімен де жеке танысты.

«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке танысу біз үшін үлкен мәртебе. Осы мүмкіндікті сыйлаған Эмин Агаларовқа алғысымыз шексіз», - деп жазды Қыран Талапбек президентпен танысқан видеосына.

Айта кетейік, мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді. Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

Сондай-ақ танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек «Құрмет» орденімен марапатталған еді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.