Күдіктілер ұсталды
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалада жол жөндеуге бөлінген 126 миллион теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұрлық фактісі осы жылдың ақпан айында анықталды. Нақты орындалмаған көлем туралы айтып отырмыз, олар орындалған жұмыстардың актілерінде көрсетілген, яғни артық смета», - Экономикалық тергеу департаменті екінші жедел басқарма басшысының орынбасары Николай Пахомов.
Күдікті 2 кәсіпкер үй қамауында.