АҚШ Қазақстанда АЭС салу үміткерлері қатарынан неге кетіп қалды
Қазір АҚШ шағын модульді реакторларға бет бұрған
Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин ядролық технологиялардың халықаралық көрмесінде АҚШ-тың АЭС салу бойынша үміткерлер қатарынан неге шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АҚШ-тың кетуі себебі олар қазір шағын модульді реактоларға бет бұрған. Олар қуаттылықтан шығып қалды. Шағын модульді реакторлар қазір ешқай жерде іске қосылмаған. Сондықтан оны біз болашақта қарастырамыз. Биыл жыл соңына дейін АҚШ энергетика министрлігінің қолдауымен ядролық физика институты аясында шағын модульді реактордың стимуляторы орналастырылады»,- дейді ол.
Серғазин атағандай, қазақстандық мамандар оның аясында оқудан өтіп, дұрыс қолдануды үйренеді.
Қазақстанда АЭС салуға ниетті елдер: ресейлік Росатом, қытайлық CNNC, корейлік KHNP, франциялық EDF.