$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АЭС тарихындағы тәуекел мен күдік: Беларусь тәжірибесі қандай

БелАЭС Островец қаласында орналасқан 

АЭС тарихындағы тәуекел мен күдік: Беларусь тәжірибесі қандай
Фото: Azattyq Rýhy

Атом электр станциясы (БелАЭС) Беларусь елінің солтүстік-батыс шекарасында Гроднен облысы Островец қаласынан 18 шақырым жерде, Литва астанасы Вильнюстен 40 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атом электр станциясының бірінші блогы 2020 жылдың тамызында іске қосылған. Беларусь АЭС бірінші блогының ресми іске қосылуы 2020 жылдың 7 қарашасында Александр Лукашенконың қатысуымен өтті. 

Беларусь атом станциясының бірінші блогы өнеркәсіптік пайдалануға 2021 жылдың маусымында, екіншісі 2023 жылдың қарашасында енді. Тиісті қабылдау актілеріне Үкімет деңгейінде қалыптасқан қабылдау комиссиялары қол қояды. Комиссиялардың шешімдері қадағалау органдары мен БелАЭС жұмыс комиссиясының оң қорытындыларына, сондай-ақ реттеуші орган берген бірінші және екінші энергия блоктарын өнеркәсіптік пайдалануға арналған лицензиялар негізінде негізделеді.

Беларусь АЭС құрылысы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Беларусь Республикасымен ынтымақтастығының ең жоғары технологиялық және ауқымды жобасы болды. 

Беларусь АЭС ВВЭР-1200 екі энергия блогын пайдалануға беру елдің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және оны жалпы энергия теңгеріміндегі атом генерациясының үлесі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына қосады. №2 блок толық қуатта жұмыс істегеннен кейін Беларусь АЭС Беларусьтің электр энергиясына деген қажеттілігінің шамамен 40% қамтамасыз етеді.

Қазір әлемнің тек бес елінде — Франция, Словакия, Венгрия, Бельгия және Словенияда — АЭС энергиясының үлесі жалпы өндірісте 40%-дан асады.

Беларусьтің энергетика министрінің орынбасары Денис Мороз 2023 жылдың қарашасында БелАЭС-тің құрылысы аяқталды. 

«Ресейлік тарап «Росатоммен» бірігіп  жүзеге асырған технологиялық нысан. 2023 жылы энергия өндіру 30 пайызға жетті. Ал осы жылдың қорытындысы бойынша энергия үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген. АЭС-ті іске қосу жылына 18 млрд кВт сағатты өндіруге мүмкіндік береді. Бұл 4,5 млрд текше метр табиғи газды өндірумен тең. Ол жылына 7 млн тонна көмірқышқыл газының табиғатқа шығуын қысқартады»,- дейді Денис Мороз.

Ал Беларусь атом электр станциясының директоры Сергей Бобовичтің айтуынша, АЭС әлемде қолданылатын үздік жобалардың бірі.

«Бізде де ол жоба жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Жобада реактивтік және парниктік қалдықтардың шығуы барлығы қарастырылған. Жылына бір рет энергоблоктың жанармайын ауыстыруымыз керек»,- дейді ол. 

Директордың айтуынша, Островецте жұмыс істеп жатқан жоба қазір бірқатар елде іске қосылып жатыр. 

«Оның ішінде Түркия, Мысыр, Мажарстан бар. Қазір мажарлық  серіктестермен тәжірибе алмасу болып жатыр. Қытайлық әріптестермен де қарым-қатынас жақсы. Сондықтан біз барынша ашықпыз»,- дейді Бобович. 

Станцияның ақпарат бөлімінің жетекшісі Эдуард Свирид БелАЭС құрылысына дейін 2009 жылы Островец қаласының тұрғындарымен АЭС жайлы ақпараттық жұмыс жүргізілгенін айтты. 

«Турбиналардан шығатын түтін емес, бу. Олардың құрамында радиоактивтік материалдар жоқ. Беларусь АЭС-індегі раектордың сырты цилиндр ретінде қоршалған. Ал мұндай қондырғы Чернобыль мен Фукусимада да болмады»,- дейді Свирид. 

Оның айтуынша, АЭС аймағында қызметкерлердің жүріп-тұруына арналған 9 шақырымдық жерасты жолы бар.

«2009 жылы қазіргі АЭС орнында тұрған жерде жазық бос жер болған. Алайда сол уақыттың өзінде тұрғындарға АЭС жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Осы мақсатта Остравец қаласында АЭС жайлы ақпараттық орталық құрдық. Оған қала тұрғындары келіп, өзіне керекті ақпаратты алды. Біздің құрамда білікті сарапшылар болды. Олар Островец қаласының әрбір жергілікті жерір аралап, ақпараттық түсіндіру жүргізілді. Бұл-өте маңызды шара. АЭС салынатын орынның шекаралық өңірлеріне жақын барлық аймақ тұрғындары ақпараттандырылды»,- дейді ол. 

АЭС ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Атом электр станциясы - технологиялық жағынан өзара байланысты құрылыстардың күрделі кешені. АЭС-тің негізгі құрылысы энергия блогы. 

Беларусь АЭС-інің әрбір энергия блогы ВВЭР-1200 су энергетикалық реакторы бар реактор қондырғысымен жабдықталған. Реактор қондырғысының жұмысы базалық, сондай-ақ маневр жасау режимінде қарастырылады. 

ВВЭР-1200 реакторы корпустық типтегі энергетикалық реакторларға жатады. Реактордағы жылу тасымалдағыш және нейтронды баяулатқыш бор қышқылы бар су, оның концентрациясы пайдалану процесінде өзгереді. Реактордың белсенді аймағында отын ретінде нашар байытылған уран диоксиді қолданылады. 

Энергия блогының жылу схемасында жылу тасымалдағыш айналымының екі тізбегі бар.

Бірінші тізбек — радиоактивті. Ол реактор қондырғысының шектерімен шектелген, олреактордан, негізгі айналым құбырларынан, негізгі айналымдық сорғы қондырғыларынан, төрт бу генераторының әрқайсысының құбыр кеңістігінен және қысым компенсаторынан тұрады. Реактор қондырғысының барлық жабдығы герметикалық қабықшаға орналастырылған. 

Негізгі айналым сорғылары 160 атмосфералық қысыммен химиялық тұзсыздандырылған суды реактордың белсенді аймағы арқылы айдайды, онда ол ядролық реакция нәтижесінде бөлінетін жылу арқылы 329 градусқа дейін қызады. Бірінші тізбектегі су екіншітізбектегі суға жылуды бу генераторындағы жылуалмастырғыш түтіктердің металл қабырғаларыарқылы жібереді және реакторға қайта оралады. Бірінші тізбек суындағы радиоактивті элементтерекінші тізбекке ене алмайды.

Екінші тізбек - радиоактивті емес, ол бугенераторларының бу шығаратын бөлігінен, негізгібу құбырларынан, турбоагрегаттан, су беру қондырғысынан және бірқатар қосалқыжүйелерден тұрады. Екінші тізбек турбинағаберілетін буды өндіруге арналған. Бұл жағдайдажылу энергиясы турбинаның механикалық айналуэнергиясына ауысады. Өз кезегінде турбина механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератордың роторын айналдырады. Пайдаланылған бу конденсаторларда салқындатылып, суға айналады, содан кейін ол сорғымен бу генераторларына қайта беріледі.

Конденсатордан бу конденсациясы кезінде бөлінетін жылуды бұру үшін айналмалы сумен жабдықтау жүйесі қолданылады. Беларусь АЭС-інің энергоблоктары үшін әрқайсысының биіктігі167 м болатын екі мұнаралы буландырғыш градирня қарастырылған.

Градирня - бұл судың ауамен тікелей жанасуы кезінде салқындайтын жылу алмастырғыш. Кез келген биік құбырдағы сияқты, градирняда «тартым» - ауа ағыны пайда болады. Мұнара неғұрлым жоғары болса, көтерілу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады және судан ауаға жылуберу соғұрлым жақсы болады. Градирня ішіне суару беттері орнатылған. Турбина конденсаторында қыздырылған су сорғыларменградиняға жіберіледі, шашырайды және төмен қарай ағып кетеді. Салқындатылған су градирня түбіндегі тостағанға ағады, содан кейін су турбина конденсаторларына салқындату үшін сорғылармен беріледі. 

АЭС-ТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛАЙ САҚТАЛАДЫ

Беларусь АЭС қауіпсіздігінің жоғары дәрежесі көптеген факторлармен қамтамасыз етілген. Олардың негізгілері - белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің үйлесімі, бірнеше қауіпсіздік кедергілерінің болуы және қауіпсіздік арналарын бірнеше рет резервтеу, иондаушы сәулелер мен радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралу жолында кедергілер жүйесін қолдану. Бірінші тосқауыл - бұл отын матрицасы(таблетка). Екіншісі - бөліну өнімдерінің негізгі айналым тізбегінің жылу тасымалдағышына түсуіне жол бермейтін жылу бөлетін элементтің қабығы. Үшіншісі - бөліну өнімдерінің қорғаныш герметикалық қабықтың астына шығуына жол бермейтін негізгі айналым тізбегі. Төртінші - бөліну өнімдерінің қоршаған ортаға шығуын болдырмайтын және реактор қондырғысын кез келген сыртқы әсерлерден қорғайтын герметикалық қоршау жүйесі (контайнмент). 

Контайнмент тек сыртқы әсерлерге ғана емес — мысалы, ұшақтың құлауы, жер сілкінісі, жарылыс, дауыл немесе құйынға есептеліп қоймай, сондай-ақ 5 кг/см2 ішкі қысымға төтеп бере алады. Ол үшін қабық алдын ала кернелген темірбетоннан жасалған: ішінен үлкен кернеумен тартылған металл тростар конструкцияға қосымшамонолиттілік береді, оның төзімділігін арттырады.

«АЭС-2006» жобасында қауіпсіздік жүйелерінің 4 тәуелсіз арнасы қарастырылған, олардың әрқайсысы бүкіл жүйенің функцияларын орындай алады. Әр арнада бор қышқылы ерітіндісінің жеке қоры бар, резервтік энергиямен жабдық тау дизель-генераторлармен және аккумуляторлық батареялармен қамтамасыз етіледі. Арналардың барлық жабдықтары физикалық түрде бөлінген, ал апаттық жүйелердің функцияларды атқаруы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

АЭС-тің қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс қабығында ядролық отынның балқуына әкелетін жобалаудан тыс авариялар кезінде қажетті және оның герметикалық қабықтантыс шығу мүмкіндігін болдырмайтын балқыманы оқшаулау құрылғысы (балқыма тұзағы) орнатылған.

АЭС-ТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КАДР ҚАЛАЙ ДАЯРЛАНАДЫ?

Станцияның табысты жұмысының құрамдас бөлігі әрине ол - АЭС персоналы. Қазір станцияда 2 мың маман жұмыс істейді. 

«Персоналды даярлау қауіпсіздік мәдениеті қағидаттарына, оқытуға жүйелі көзқарасқа, АЭС энергия блоктарын пайдаланудың халықаралық тәжірибесін пайдалануға, персоналды даярлау сапасын қамтамасыз етуге негізделеді. Беларусь АЭС-інде персоналдар оқыту оқу-жаттығу орталығында (ОЖО) білім алады. ОЖО АЭС персоналын даярлау, қолдау және біліктілігін арттыру, өндірістік оқытуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады»,- дейді Беларусь атом электр станциясы директорының сапа бойынша орынбасары Александр Ерин.

Мұнда АЭС-ті қауіпсіз және сенімді пайдалану дағдыларын қолдауды және жетілдіруді қамтамасыз ететін техникалық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оперативті персоналдың жаттығулары мен сабақтары өткізіледі. 

ОЖО ең заманауи тренажер жабдықтарымен, соның ішінде: практикалық оқытуға арналған стендтермен, жабдықтардың үлгілерімен (макеттерімен), компьютерлік оқыту жүйелерімен, жергілікті тренажерлармен жабдықталған.

Оперативті персоналды даярлау энергоблокты басқарудың блоктық қалқанының дәл көшірмесі - толық масштабты тренажерде жүргізіледі. Толық масштабты тренажер энергия блогын пайдаланудың әртүрлі режимдерін модельдеуге, штаттан тыс жағдайларда оперативті персоналдың іс-қимыл дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді. 

«Оқу процесінде 33 нұсқаушы — АЭС-те үлкен тәжірибесі мен жұмыс өтілі бар жоғары білікті маман жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Беларусь Республикасында ядролық энергетика үшін кадрлар даярлаудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде - 1000 маман, АЭС құрылысына арналған Бас келісімшартты орындаушең берінде 600 маман оқытылды»,- дейді  ол. 

Жыл сайын 400 маман - Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының сырт білім беру мекемелерінде және мамандандырылған ұйымдарында, 1500 маман оқу-жаттығу орталығында және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде оқытылады.

Беларусь атом электр станциясының директорының сапа бойынша орынбасары Александр Ериннің айтуынша, станцияда жұмыс істейтін қызметкерлерге Островец қаласынан арендалық пәтер беріледі. 

«Сондай-ақ қызметкерлерге мерекелік даталарда сыйақылар мен зиянды жерде жұмыс істеуіне байланысты төлемдер беріледі. Еңбек демалысына қатысты төлемдер де бар. Ал зейнетке категория бойынша қызметкерлер 5 жыл ерте шығуы мүмкін»,- дейді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #Беларусь