МӘМС-ке жауапты Әбілқайыр Сқақов қолына 1,4 млн теңге жалақы алады (ВИДЕО)

Ол бұрын Павлодар облысының әкімі болған 

МӘМС-ке жауапты Әбілқайыр Сқақов қолына 1,4 млн теңге жалақы алады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/skakov_abylkair

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов топ-менеджерлердің сыйақысы мен өз жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қордың топ-менеджерлері –  бұл бес адамнан құралған басқарма. Олар соңғы үш жылда ешқандай бонус алмаған, бұрын да алмаған, қазір де алмайды. Мен және менің орынбасарларым алған ең көп сыйақы – жылына 650-700 мың теңге. Премияның сомасы директорлар кеңесінің шешемімен шектелген», деді Сқақов журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, ұжымға берілетін сыйақы нақты қызметкердің KPI-ды орындауына байланысты төленеді.

Қор басшысы ай сайынғы жалақысының мөлшерін де атады.

«Ай сайын қолыма таза 1 млн 400 теңге аламын», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.