$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор құрылысы ұзаққа созылған 44 нысанды тексерді

125 нысанның құрылыс жұмыстары Антикор бақылауында

Антикор құрылысы ұзаққа созылған 44 нысанды тексерді
Фото: gov.kz

Антикор 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтауды қамтамасыз етті. Олар: сумен қамтамасыз ету объектілері, мамандандырылған ХҚКО, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық объектілер, тұрғын үйлер, жолдарды жөндеу, көпір салу, бөгет гидроторабы мен қазандықты реконструкциялау, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Астана қаласында, Ақтөбе, БҚО – 10, Қызылорда және Түркістан облыстарында 4 мектептің құрылысы аяқталды.

«Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын назарға ала отырып, сүйемелдеу шеңберінде 14 ауылда, оның ішінде Павлодар облысында – 4, ШҚО – 3, Жамбыл облысында – 3, Қостанай облысында – 3 және БҚО – 1 су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған», - деп хабарлады Антикор.

Бұл жұмыстың нәтижелері – сапаны қосымша бақылауды күшейту және кепілдік мерзімі кезеңінде жөндеу бюджетінің шығындарын азайту. Агенттік 125 нысанның құрылыс жұмыстарын сүйемелдейді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары