Тамызда ерекше білім беру қажеттілігі бар 100 талапкер ҰБТ тапсырды

Молдатай Сымбат

Осы айда 18 мың адам ҰБТ тапсырды

Тамызда ерекше білім беру қажеттілігі бар 100 талапкер ҰБТ тапсырды
Фото: pixabay.com

18 мыңнан астам адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Шекті балды 52% талапкер жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орташа балл – 54. Ең жоғары балл – 128.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында тамыз ҰБТ-сына 100 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

«ҰБТ өткізу барысында 77 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 44 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 33 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ», - деп хабарлады министрлік.  

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.