19.08.2024, 12:11
Қоғам
Қызылордалық екі жігіт 1 237 түп есірткі сорасын өсірген (ВИДЕО)
Олар сотталды
Қызылорда облысы Сырдария ауданында 22 жастағы екі жас жігіт 1 237 түп есірткі сорасын өсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг, су айдауға арналған мотор, бензин, қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды. Сонымен қатар 1237 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 503 келі болып шықты», - деп хабарлады ПД.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Қылмыстық іс сотта қаралып, айыпталушылар өзінің кінәсін мойындады. Олар кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
09.06.2026, 14:12
Семейде қару асынған мас ер адам экс-әйелінің туыстарына барып, аулада жүрген итін атып өлтірді (ВИДЕО)
09.06.2026, 10:47
«Мені құшағыңа ал» демеймін»: он жыл бұрын анасынан айырылған ақтөбелік бойжеткен әкесіне іздеу салды (ВИДЕО)
09.06.2026, 12:35
«Өрт сөндірушілер 250 мың теңге жалақы алады»: Экология вице-министрі орман қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өскенін айтты
09.06.2026, 06:21
Астанада көлік жарылысынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
09.06.2026, 09:11
Қазақстанда әскерге барған 660-тан астам сарбазға ЖОО-ның гранты берілді
09.06.2026, 07:18
Нөсер, бұршақ және аптап ыстық: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды