19.08.2024, 10:45
Қоғам
Ақтаулық блогер тұрғындарға дрон арқылы круассан таратып жүр (ВИДЕО)
Тұрғындар таңданысын жасыра алмай жатыр
видеодан скриншот
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев тұрғындарға ерекше жолмен круассан жеткізу қызметін ойлап тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның, соның ішінде өзі тұратын Маңғыстау өңірі мен Каспий теңізінің сұлулығын таспалап, әлемге танытып жүрген блогер Азамат Сәрсенбаев енді круассанды дронмен жеткізуді қолға алған.
Ақтау тұрғындарына круассанды дронмен жеткізген видеолар көпшіліктің көңілінен шықты. Блогердің Ақтау қаласында жекеменшік кофейнясы бар.
Видеода дронды көрген тұрғындар таңырқап, кейін үстіндегі круассанды алып, алғыстарын айтып жатыр. Желі қолданушылары мұндай жеткізу түрін құптап, блогердің жаңашылдығына қолдау көрсеткен.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
Бүгін, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды