19.08.2024, 00:30
Қоғам
Маңғыстау облысында заңсыз су ұрлаған тұрғын анықталды
Су ұрлығы бойынша АКТ (айқындама) жасақталып, су шығынымен үй иесі таныстырылған
Фото: mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында заңсыз су ұрлаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Мұнайшы ауылы бойынша су бақылаушылары тұрғындардың су есептегіш құралдарын тексерген.
Тексеру кезінде заңсыз жолмен диаметрі 15мм2 су есептегіш құралына (магнит) жапсыру арқылы су ұрлаған Ақбөбек-2-1-5-ші үйінің тұрғынын анықтаған. Су ұрлығы бойынша АКТ (айқындама) жасақталып, су шығынымен үй иесі таныстырылған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды