$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоғамдық тыңдаулар барысында халық АЭС туралы толық ақпарат алды

Алматыда жария талқы өтті

Қоғамдық тыңдаулар барысында халық АЭС туралы толық ақпарат алды
Фото: Алматы әкімдігі

«Жанашыр» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Апетова 16 тамызда өткен жария талқылауда атом электр станциясының құрылысын жақтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен де бір кездері қарсы болдым, өйткені біздің халқымыздың түсінігінде тек Чернобыль және осы апаттың салдары қалған. Сондықтан халық басқа жақсы жақтарын, оның зияны жоқтығын, экологияға, тіпті, зиян көмірқышқылдар шығарындыларының азаятынын, тағы басқа оның толып жатқан артықшылықтарын көрмейді», - деп атап өтті ол.

Апетова АЭС жұмысы туралы шетелдік ақпаратты зерделей отырып, әлемнің 32 елінде 400-ден аса атом электр станцияларының сәтті жұмыс істеп отырғанына назар аудару керектігін атап өтті. 

«Егер біз дамыған елдердің қатарына кіргіміз келсе және өз еліміз үшін жау болғымыз келмесе, біз сауаттылығымызды арттырып, атом электр станциясының құрылысын қолдауымыз керек», - деді ол өз замандастарын жобаны қолдауға шақырып.

 

Серіктес жаңалықтары