Түркістан қазынашылық департаментінде 8 млн теңге жымқырылған

Автор: Молдатай Сымбат

Олар жоқ қызметкерлерді тіркеген

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Түркістанда 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметін тексерді.

«Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген. Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар СДТБТ тіркелді», - деп хабарлады прокуратура.

Тергеу жүргізу Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.