$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 13:19
Қоғам

Орал қаласында карантин талаптарын бұзған 30 жасөспірімге ескерту берілді

9 жасөспірімнің заңды өкіліне 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынған

Орал қаласында карантин талаптарын бұзған 30 жасөспірімге ескерту берілді

Орал қаласында карантиннің талаптарын бұзған 40 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары 30 наурыздан бастап жасы кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптары мен шектеулерін айтып келеді. Сондай-ақ қаланың бірнеше аудандарында кешенді тексерістер мен рейдтер өткізген.

«Басты мақсат- жасөспірімдер ересектерсіз, заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда, көшелерде жүрмеуі тиіс. Орал қаласында карантин жарияланғаннан бері 40 жасөспірімінің талаптарды бұзғаны анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінгі таңда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 9 жасөспірімнің заңды өкіліне 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтіні туралы қаулысы шықты. 30 жасөспірімге ескерту берілді. Ата-аналардан балаларды көшеге және көпшілік орындарға жалғыз өзін жібермеулерін сұраймыз, карантин мерзімі аяқталғанша сақтық шараларына аса мән беруді талап етеміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары