Жылу ақысы дұрыс саналмаған: тұтынушыларға 768 млн тг қайтарылады
Бұл туралы Ұлттық Экономика министрлігі хабарлады
Қазақстанның тұтынушыларына жылу үшін 768 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025 жылдар) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрініс табады», - деп жазды Ұлттық Экономика министрлігі.
2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері жалпы сомасы 768 157,39 мың теңгеге есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді:
- Астана қаласы бойынша – 2 279,97 мың теңге;
- Алматы қаласы бойынша – 95 405,36 мың теңге;
- Шымкент қаласы бойынша – 20 208,83 мың теңге;
- Абай облысы бойынша – 13 594,64 мың теңге;
- Алматы облысы бойынша – 18 100,47 мың теңге;
- Ақмола облысы бойынша – 33 522,87 мың теңге;
- Атырау облысы бойынша – 10 698,19 мың теңге;
- Ақтөбе облысы бойынша – 37 701,48 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 354 460,65 мың теңге;
- Жамбыл облысы бойынша – 15 098,45 мың теңге;
- Жетісу облысы бойынша – 6 073,80 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 187,85 мың теңге;
- Қостанай облысы бойынша – 31 998,48 мың теңге;
- Қызылорда облысы бойынша – 38 588,60 мың теңге;
- Маңғыстау облысы бойынша – 60 948,78 мың теңге;
- Павлодар облысы бойынша – 4 128,56 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 24 136,77 мың теңге;
- Түркістан облысы бойынша – 23,64 мың теңге.
«Бұл ретте, Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі», - деп хабарлады министрлік.