Қызылордада оқушы қызды сатып алғандарды педофилия бойынша соттау керек - Айтбек Амангелді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол жәбірленуші мен ата-анасына психолог ұсынды

Фото: видеодан скриншот

Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді волонтерлік жүйе арқылы Қызыдлордада 8 ай құлдықта болған қызға және оның отбасына психологтің көмегін ұсынуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отбасы мүшелерін Қызылордадан көшіру керек екені анық. Себебі оларға буллинг жүріп жатыр. Осы орайда меценаттарды аталған отбасыға жақын қаладан тұру мүмкіндігін ұсынуға шақырамын. Кәмелетке толмаған баланы белгілі бір топтың ақылдасып жезөкшелікке салу бойынша қаралып жатқан іс бойынша 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Ал кейбір елдерде мұндай қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айырады. Жәбірленушіні барлық тарапынан қорғау керек. Мен жәбірленушінің анасы және адвокаттың сөзімен келісемін, оның қызметін алған барлық клиентті педофилия бойынша кінәлі, осы жағын дұрыстап қарау керек», - дейді Айтбек Амангелді.

«Қыздар.нет» сайты бойынша ақпаннан бастап жәбірленушіге тапсырыс түсе бастаған. Ол барлық ақшаны күдіктілерге жіберген.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған.