$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бізді көшеде көргенде келеке етеді - Қызылордада әділдік іздеген ана жанайқайын айтты

Ол күдіктілер жазасыз кететініне сенімдімін дейді 

Бізді көшеде көргенде келеке етеді - Қызылордада әділдік іздеген ана жанайқайын айтты
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікке салған қыздың анасы үйқамақта отырған сыныптастары оларды келеке ететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оларды бірінші рет ұстағанда олар кінәларын толықтай мойындады. Ал үйлеріне жібергенде өз сөздерінен бас тартты. Қазір олар үйқамақта отыр. Біз оларды ішкі істер басқармасында, сот-медициналық сараптамасына барғанда көрдік. Олар бізді келеке етеді. Өздерінің жазасыз кететініне сенімді болып жүр. Менің қызым үмітін үзді», - дейді қыздың анасы.

Ол бұл қылмысқа қарсы өзім жалғыз күресіп жүрмін дейді. 

«Қылмысқа қарсы күрес тобы менің қызыма қорғаушыларды қойды. Бірақ мен қалада жүремін. Мені көбі танып, сөгеді. Ештеңені білместен менің  осындайға жол бергенімді сөгеді, түсінбейді», - дейді ол.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған. 

Ал бүгін баспасөз мәслихатын өткізген қыздың қорғаушылары мен анасы оқиға қалай болғанын айтып, сұмдық мәліметтерді жайып салды. 

Серіктес жаңалықтары