«Шал» фильмін көрген адам ауруынан айығады - қазақстандық дәрігерлер

Автор: Темірхан Айжан

Президент әкімшілігі  Ұлттық госпиталінің дәрігерлері  науқастардың сауығып кетуге көмектесетін фильмдер мен кітаптардың тізімін жасаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінің емдік қасиеті бар. Қазақстанның дәрігерлері оны адамды сырқаттан жазатын кино туындыларының қатарына қосқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кино, әдебиет, театр, өнердің әр саласы  адамзат баласын  дамытып қана қоймайды,  сонымен бірге көңіл-күй сыйлайды. Миды жұмыс істетіп, ынталандырады, тіпті  ауруды емдейді. Елдегі ең ежелгі  емхананың дәрігерлері емдік фильмдер мен кітаптардың тізімін жасады.  Олар науқастарға сауықтыру үшін қосымша дәрі ретінде ұсынылады. Сіз де таныс болыңыз! Ем болсын!», - делінген хабарламада.

Фильмдер:

1. «Аспан есігін қағу» (1997)

Ауырып, үміт оты сөнган кезде де армандардың орындалатыны туралы культтік трагикомедия.

2. «Шал» (2012)

«Теңіз  бен шал» туындысының  қазақы нұсқасы деуге болады. Басты кейіпкер далада адасып,  қасқырларға тап болады.

3. «Қол тигізбейтіндер» (1987)

Арнайы агенттер мен мафия арасындағы текетірес туралы нақты оқиғаларға негізделген фильм.  Детективтік драма әділдік іздеуде ешқашан берілмеу керектігін үйретеді.

4. «Құдайдың жаратылысы» (2004) Қырқыншы жылдары тәжірибелі хирург пен қара лаборанттың медицинада төңкеріс жасағаны жайлы фильм.  Бірақ  соған қарамастан олардың достығына  да қауіп тұрған еді.

5. «1+1» (2011) Креслоға таңылған миллионер мен әлеуметтік қызметкер ретінде  ақша тауп жүрген көше бұзақысының қарым-қатынасы туралы шынайы оқиғаға негізделген француз комедиясы.

6. «Қызыл білезіктер» (2014)

Ауруханаға түскеннен кейін жаңа достар тауып, махаббатын жолықтырған  жасөспірім қыз туралы телехикая.

7. «Уолтер Миттидің керемет өмірі» (2013) Бір батыл қадамның  көптеген өзгерістер тізбегіне бастайтыны жайлы  фильм.  Ал сіздің  өзіңізге сеніп, шешім қабылдауға батылыңыз бара ма?

8. «Invictus» (2009) 1995 жылы

Оңтүстік Африкада өткен регбиден әлем чемпионаты кезіндегі африкалық көшбасшы Нельсон Манделаның өмірінің бір сәті жайлы драма.

9. «Мен қорапта ойнағанша» (2007) Түрлі әлеуметтік топтағы  екі қарт адам туралы комедия.  Олар қорқынышты диагноз туралы біліп,  тамызғының  астында жатудың орнына өз тілектерін орындауға аттанады.

10. «Антарктида. Селфи» — Антарктидада  өзінің соқыршегін  алып тастаған хирург Леонид Рогозов туралы деректі фильм.

 

Кітаптар

1. Генри Марш «Зиян келтірме»

 Өмір, өлім және нейрохирургия туралы әңгіме. Нейрохирургтың жан сыры.

2. Ханья Магикахара «Кішкентай өмір»

 Жазуға лайық өмір туралы әңгіме.

3. Эрих Мария Ремарк «Триумф аркасы»

Эмигрант хирургтың  махаббаты, достығы, кек алуы туралы культтік кітап.

4. Олжас Сүлейменов «Солай болды»

Тәуелсіздіктің  30 жыл ұлы ақын-жазушының көзқарасымен.

4. Виктор Франкл «Өмірге иә деп айт»

Адам төзгісіз  концлагерьлерден аман қалған дәрігердің өмірбаяндық кітабы.

5. Стивен Кови «Темекіні тастаудың оңай жолы»

Жаман әдеттермен күресіп қана қоймай,  адамның өзін-өзі  тәрбиелеуіне көмектесетін туындылардың  бірі.

6. Шамиль Аляутдинов «Ең ақылды және ең бай бол»

Өзін-өзі дамытуға арналған мотивациялық кітап.

7. Эрих Мария Ремарк «Қарыздағы өмір»

Өліп бара жатқан науқас пен көлік жарысына қатысушының  арасындағы құмарлыққа толы  махаббат хикаясы.

8. Борис Полевой «Нағыз адам туралы хикая»

Екі аяғынан айырылығананн  кейін де жауынгерлік ұшақты басқараған ұшқыш Алексей Маресьев туралы өмірбаяндық кітап.

9. Николай Островский «Құрыш қалай шыңықты»

Көзі көрмейтін совет жазушысы мен революция  ұрпағы туралы өмірбаяндық кітап.

10. Шарлотта Бронте «Джейн Эйр»

BBC дің  тұжырымы бойынша  ішкі сұлулық сыртқы әдеміліктен  де артық екендігі  туралы кітап әлемдік бестселлер тізімінде оныншы орында тұр.