Тұрмыстық зорлықтан қашқандар: Өскеменде дағдарыс орталығына биыл жүздеген әйел жүгінді
Қазір аналармен штаттық психологтар жұмыс істеп жатыр

Өскемендегі дағдарыс орталығының көмегіне биыл 100-ден астам әйел жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үлбі» дағдарыс орталығының қызметкерлерінің айтуынша, қазір аналармен штаттық психологтар жұмыс істеуде. Тамақтану, қажетті гигиена құралдары ұйымдастырылған, сондай-ақ психологиялық, әлеуметтік, медициналық сүйемелдеу көрсетілуде.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Қазбек Тақжановтың айтуынша, өңірде осындай 6 орталық жұмыс істейді, оның 4-і тұруға арналған баспанамен жабдықталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер осы орталықтарға өз бетінше жүгіне алады немесе полиция қызметкерлерінің тікелей көмегімен барады.
ШҚО полиция департаменті кез келген зорлық-зомбылық көрінісіне куә болғандардан үндемей қалмауды, бей-жай қарамауды, 102 арнасына жүгінуді еске сұрайды.