$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2020, 17:48
Қоғам

Бас санитар дәрігер: «Карантиннің пайдасын енді көріп отырмыз»

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтар жуық арада біртіндеп қалыпты өмірге көшетінін айтты  

Бас санитар дәрігер: «Карантиннің пайдасын енді көріп отырмыз»
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиннің арқасында елде эпидемиологиялық жағдай дұрысталып келе жатқанын айтты.

«Карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болып, медицина саласына түсетін салмақты барынша азайтты. Карантиннің пайдасын біз қазір көріп отырмыз. Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Қазақстанда 3988 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Дегенмен, жазылған адамдардың 1000-нан асқанын айтып, мақтана аламыз. Соңғы аптада елдегі жағдай тұрақталғаны байқалып, ауру жұқтырғандардың өсімі жеті пайыздан аспады», - дейді Есмағамбетова.

Бірақ, ол індеттің таралу қауіп өршіп кетпес үшін қазір жасалып жатқан кейбір сақтық шаралары жағдай әбден тұрақталғанша сақталады деп ескертті. Сондай шаралардың бірі – қалааралық әуе рейспен қатынайтын азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны туралы анықтамасы.

«Бұл – ауру жұқтырып алу қаупі жоғары кеңістік. Ешкім де ауру адамның қасына отырғысы келмейді. Сондықтан, біздің міндетіміз - ауру жұқтыру фактілерінің алдын алу. Эпидемологиялық жағдай дұрысталған жағдайда, басқа өңірлерге қатынайтын рейстер де ашылған кезде, талап қайта қаралуы мүмкін. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты», - деді Есмағамбетова.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары