Психотроптық заттар айналымын ұйымдастырған күдікті Арменияда ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды

Фото: видеодан скриншот

Аса ірі көлемде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген азамат Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол былтыр қыркүйек айында Ереванда ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және сол тектес мефедронның заңсыз айналымына қатысты күдіктіні әшкереледі. Алайда ол тергеуден жасырынып, қашып кеткен. Күдіктіні іздеп табу үшін халықаралық іздеу жарияланған.

Қазір ол Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.