08.08.2024, 12:50
Қоғам
Түрмеде отырып, терроризм актісін жасауға шақырған атыраулық ұсталды
Ол Жамбыл облысындағы түрмеде радикалды идеологияны таратқан
Фото: ҚР Ұлттық ұланы
Түрмеде жазасын өтеп жатқандар арасында терроризмді насихаттаған 34 жастағы сотталушы ұсталды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық ұланының хабарлауынша, қамаудағылар арасында терроризмді насихаттаған 34 жастағы сотталушы – Атырау облысының тумасы.
Оның заңға қайшы әрекетін Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп анықтады.
«Ол радикалды идеологияны таратып қана қоймай, терроризм актісін жасауға шақырды», – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотталушы 2013 жылы кісі өлтіру, қаруды заңсыз сақтау және тонау бабы бойынша 24 жылға сотталған.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды