Елге келетін қытайлық туристердің саны артқан
Түркия мемлекеті туризмнен жарты жылдың ішінде 24 млрд доллар табыс тапқан. Елге келген әрбір турист бір күнге 98 доллар жаратады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, келушілер саны 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылмен салыстырғанда 13,9 пайыз артып, 26,1 миллионға жеткен. Түркияның осы кезеңдегі туризм кірісі 9,3 пайыз артып, 23,7 миллиард доллар болған.
Түркияға туристер негізінен Ресей, Германия және Ұлыбританиядан келеді. Кейінгі кезде Қытайдан келушілер саны арта бастаған. Биыл жарты жылда елде 56 мыңнан астам жапондық демалған.