Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған әйелге қатысты тергеу аяқталды

Автор: Темірхан Айжан

Бишімбаевтың туыстары осы оқиғаға байланысты Антикорға шағымданған еді 

Фото: Антикор

Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқырған елорда тұрғынына қатысты тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана қаласының тұрғынына қатысты тергеу аяқталды. Тергеу амалдары алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша 100 млн теңге қаражатты иемдену фактісіне қатысты жүргізілді. Қылмыстық іспен танысу жалғасып жатыр», - деді Данияр Бегайдаров.

Еске салайық, Бишімбаевтың туыстары осы оқиғаға байланысты Антикорға арыз жазған болатын.

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол қауіпсіздігі жоғары түрмеде жазасын өтеп жатыр

Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды