Ол қоғамның пікірін білу керегін жеткізді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметтегі баспасөз конференциясында 1 қыркүйекті демалыс етуге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет кулуарында журналистер министрден балаларын мектепке апаратын ата-аналар үшін 1 қыркүйекті демалыс ету бастамасын айтты.
«Бұл - өте жақсы идея. 1 қыркүйекті күнтізбенің қызыл күні ету керек. Егер қоғам қолдаса, жүзеге асыруға болады. Мен де қолдаймын», - деді Бейсембаев.
Министр петиция жариялау да мүмкін екенін жеткізді.
Айта кетерлігі, биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келеді.