$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰБТ-дан көп балл жинаған түлектер неге грантқа түсе алмай қалды - министрдің жауабы

Ол грант мемлекеттік тапсырыстың аясындағы мамандықтарға көбірек бөлінетінін айтты

ҰБТ-дан көп балл жинаған түлектер неге грантқа түсе алмай қалды - министрдің жауабы
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Үкіметте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грантқа түсе алмай қалған түлектер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саясат Нұрбек 90 балдан жоғары жинаған 10,6 мыңға жуық талапкердің жағдайын түсіндірді. 

«Нақты статистика берейін. Олар кімдер және қандай мамандыққа өтінім берді? Денен шынықтыру пәнінің мұғалімін дайындайтын 3452 талапкер грант иеленбей қалған. Бұл мамандыққа біз 600 ғана грант бөлдік, демек бұл грантты үздіктер алып үлгерді», - деді Нұрбек үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Министр атағандай, екінші үлкен санат – дизайны мамандығы. 

«Мамандық бойынша грантқа 941 адам ілікпеген. Биыл сән және киім дизайнына 205 грант бөлдік. 205 грант иеленіп, 1624 адам құжат тапсырды. Биыл 941 түлек жоғары балл жинап, құжат тапсырған. Бұл түлекиер мемлекет басымдық бермейтін мамандықтарға құжат тапсырған.  Біз мұны түсінуіміз керек. Соңғы бірнеше жылға назар салқа, гранттардың басым бөлігі инженерлік, педагогикалық және IT мамандықтарына бөлінген», - деді министр.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#грант #ҰБТ