06.08.2024, 14:45
Қоғам
Жатақхана жетпесе, бірыңғай желіге хабарласуға болады – министр (ВИДЕО)
Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды
Фото: видеодан скриншот
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақхана тапшылығы әлі де бар екенін айтты. Әсіресе, бұл Алматы мен Астанада байқалады, деді министр. Осыған байланысты студенттердің жатақхана мәселесін шешуге арналған бірыңғай желі қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Студенттер аталған нөмірлерге қоңырау шала алады. Мұндай орталықтар түрлі жоғары оқу орыннында ашылды», - деді Саясат Нұрбек.
Биыл 10 576 орындық 27 жатақхана пайдалануға беріледі.
Жатақханалардағы бос орындар бойынша Алматы мен Астанадағы байланыс орталықтарының нөмірлері: +7 (700) 2551443, +7 (700) 9509528.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды