Лотос гүлін тамашалау үшін Атырауға шетелден туристер келіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – әлемде сирек кездесетін гүл

Фото: istockphoto.com

Лотос гүлін тамашалау үшін Атырау облысына шетелден туристер келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш өзені бойында әлемде сирек кездесетін лотос гүлдерін тамашалау үшін Еуропа, Азия елдерінен және еліміздің әр түкпірінен күніне 200 жуық туристер мен демалушылар келуде», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Судағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі патрульдеу және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.