Ол 10 тәулік отырып шықты
Қазақстанға танымал стенд-ап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулік қамауда отырып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың шешіміне сүйенсек, ол 2024 жылғы 7 маусымында мейрамханалардың бірінде бейәдеп сөздер қолдана отырып айтқан әзілі үшін 10 тәулікке қамалған болатын.
Әзілкештің өзі әлеуметтік желіде бостандықта екенін жазды.
«Мен үйдемін. Алғыс көрсеткен баршаңызға рақмет», - деп жазған ол.